Бет пен денеге арналған лимфодренажды массаж (аппараттық)

Лимфодренажды массаж 5см мөлшерінде салмақ жоғалтуға, дене пішінін түзетуге, целлюлитті азайтуға, дене пішінін қалпына келтіруге көмектеседі. Ал әжімді жазуға, тері серпімділігін қалпына келтіруге, көз астының күлдіреп тұруынан құтылуға, беттің әдемілігін қайтаруға, беттегі елеулі өзгерістерді лимфодренажды массаж көмегімен жүзеге асыруға болады.

Біз сіздерді Алматы қаласындағы «SERENDIPITY» сұлулық салонында жасалатын  кәсіби аппараттық лимфодренажды массажға шақырамыз. Емшараны соңғы үлгідегі LPG Cellu M6 INTEGRAL 2 (Франция)  сертификатталған аппаратта салонның білікті мамандары жүргізеді. 
Лимфодренажды массаж дегеніміз не?
Лимфодренажды массаж – бұл лимфотүйіндері мен лимфаға әсер ететін бірегей процедура. Бұл аппараттың әсерінен ағзадағы артық сұйықтық сыртқа шығады.  Сырттай қарағанда өзерісті бірден байқауға болады, белдемшенің мықын тұсында кеңігенін байқаймыз.
Дене салмағының азайғаны әрине қуантады, бірақ бұл лимфодренажды массаждың бір ғана ерекшелігі емес. Артық сұйықтықпен бірге ағзаға тағаммен түсетін  улы заттар мөлшері де азаяды, себебі лимфа ағзадағы қалдықты тазалауға жауап береді.
Өкінішке орай, қазіргі адамның өмір сүру қалпы дұрыс деп айта алмаймыз. Мұның бәрі денсаулыққа әсер етіп, лимфа айналысы бұзылады
Лимфодренажды массаж осы проблемалардың бәрін шешеді.

Аппараттық лимфодренажды массаж қалай жұмыс істейді?

Қолмен жасалатын массаждан басқа аппараттық лимфодренажды массаж бар. Алматы қаласының тұрғындары соңғы үлгідегі LPG Cellu M6 INTEGRAL 2 аппаратының көмегімен бет пен теріге жасалатын  лимфодренажды массаждың тиімділігін бағалай алады.
Курс мерзіміне байланысты  лимфа сұйық әрі ағымды болып келеді. Яғни артық сұйықтық пен тағам қалдықтары, жасушаның ыдырауы мен токсиндердің шығуы тез жүреді. Қажетсіз судан арылған жасушаның көлемі кішірейіп, жақын орналасқан тамырды қысуын тоқтатады. Мұның нәтижесінде жасушаға кислородтың түсуі жақсарады, ал жасушаның ісінуінен пайда болған коллаген тапшылығы жойылып, ол коллаген талшығына түсе бастайды.
Көріп отырғандарыңыздай, массаждың әсерінен ағзадағы лимфа жүйесінің жұмысы қайта қалпына келіп, жасару мен жаңару бағдарламалары белсенділігін арттырады. Осы себептерге байланысты аппараттық лимфодренажды массажды тек қана аяқ, қол, бетке жасап қоймай, оны барлық денеге жасау ұсынылады.

LPG лимфодренажды массаждың артықшылығы

Артық салмақ пен целлюлитпен тиімді күреседі.
Процедура ауырсынусыз және қауіпсіз.
Косметикалық әсерден басқа ағзаны айықтырып, иммунитетті көтереді.
Бағасы қолжетімді.
Алдын алу құралы ретінде де қолдануға болады.
Қарсы көрсетілімі аз әрі кері әсері жоқ.
Кез келген тері түріне және дененің кез келген аймағына жасалады, тіпті мойын, кеуде тұсы, бетке де жасауға болады.
Нәтижесі бірінші сеанстан кейін-ақ көрінеді, әсердің ұзақтығы сеанстан сеансқа дейін күшейе түседі.

Көрсетілім

Лимфодренажды массажды косметикалық процедура ретінде де, емдік мақсатта да қолдануға болатынын жоғарыда айттық. Дегенмен, төмендегі жағдайларда лимфодренажды массаждың көмегіне жүгінуге болады:
Артық салмақ пен целлюлиттен, ісінуден арылу;
Дене пішінін түзету;
Беттегі ісіктен құтылу, көз алды күлдіреуі мен көгеруді толығымен жою немесе азайту;
Бет терісінің сапасын жақсарту;
Терінің қартаю процесін тоқтату;
Беттің әдемілігін қалпына келтіру;
Иммунитетті көтеру;
Жалпы көңіл-күйді жақсарту;
Күшті қайта қалпына келтіріп, күйзелісті жою;
Лимфаның жылысуын және ат алмасу процесін қалпына келтіреді, ағзадағы артық сұйықтықты жояды.

Нәтижесі

LPG лимфодренажды массаж курсынан қандай әсерді күтуге болады?
Дене салмағы азаяды.
Ісіну жойылады (беттегі және денедегі)
Дене қалпы әдемі кейіпке ие болады.
Целлюлиттің мөлшері азаяды.
Тері рельефі тегістеледі.
Ұсақ әжімдер жазылады.
Тері серпімді болады.
Лифтинг-әсер анық көрінеді.
Бет пішіні анық болады.
Психоэмоциональды жағдайы жақсарады.
Иммундық статусы жоғарылайды.
Көріп отырғандарыңыздай, лимфодренаждың көмегімен тек қана жасарып қоймай, өзіңізді жақсы сезіне аласыз!

Қанша процедура қажет?

Жоғары әсерге қол жеткізу үшін 8-15 курстан тұратын процедура болған жөн, бірақ бұл өзіңіз шешкіңіз келетін тері жағдайы мен проблемаларына байланысты. Бұдан соң, әр 6 ай сайын иммунитеттің төмендеуі мен проблемалық аймақта целлюлиттің пайда болуын күтпей, алдын алу шарасын жасаған жөн.
Егер Алматы қаласында осындай аппараттық лимфодренажды массажды қай жерде істету керек десеңіз әрі процедураның толық қауіпсіздігі және сапасы жоғары болғанын қаласаңыз , біздің SERENDIPITY орталығымызға келіңіз!

Бізде 

Жеке бағдарлама бойынша процедура курсын тағайындайтын, әсердің ең қолайлы тәсілін анықтап, сіздің теріңізге кәсіби диагностика жүргізетін білікті әрі тәжірибелі мамандар;
Жаңа құралдар бар
Алматыдағы лимфодренажды массаждың бағасы қолжетімді орындардың бірі.